Павлодарда полицияға куәгер ретінде шақырылған ер адам өз-өзіне қол салды
Ер адамның денесі туысының үйінің кіреберісінде табылды
Павлодар облысы жеке қауіпсіздік департаменті басқармасы қызметтік тексеріс бастады. Полиция қызметкерлері жауап алғаннан кейін Павлодар облысының тұрғыны туысының үйінің кіреберісінде өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы оның туыстары әлеуметтік желіде хабарлады. Туыстарының айтуынша, 21 қараша күні Ақкөл ауылының екі жылқышысын жұмыс уақытында учаскелік полицей Екібастұзға алып кеткен. Жолда жылқышы үйіне соғып, киімін ауыстырған. Учаскелік полицей не үшін ұстағанын білмейтінін айтқан. Оған жылқышыны полиция бөлімшесіне жеткізу тапсырылыпты.
Марқұмның туыстары жауап алу сағат 23-30-ға дейін жалғасқанын айтып отыр. Бұдан соң ер адам үйіне хабарласып, келесі күні сағат 10:00-де жауап алу жалғасатынын хабарлаған. Үйіне келетін ақшасы болмағандықтан (Ақкөл Екібастұздан 68 шақырым жерде) ол қаладағы туыстарына барған. Таңертең ер адам полицияға жиналып жатқан. Алайда сағат 11:00-де әйелінің қоңырауына полиция қызметкері жауап беріп, ер адамның өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан. Ер адамның туыстары куәгерлерді іздестіріп жатыр. Олар шындықты біліп, кінәлілер жазаланса дейді. Ер адамның денесі туысының үйінің кіреберісінде табылған.
«Бұл фактіге сәйкес,қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу ) сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», - деді ол.
Ер адамның туыстарының әлеуметтік желідегі жазбасына сәйкес, жеке қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. 1971 жылы туған ер адам шаруа қожалықтардың бірінде жылқышы болған.
«Бұған дейін ол 48 бас жылқысы жоғалған адамға бұл қылмысты кім жасағанын айтқан. Осыған байланысты 21 қараша күні куәгер ретінде полицияға жауап алуға шақырылды», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Полицейлер 22 қараша күні сағат 10:00-де Екібастұздағы үйлердің бірінде екінші қабатта ер адамның денесі табылғанын хабарлады.
«Бұл іс Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімовтің жеке бақылауында. Өзге ақпарат хабарланбайды», - деп жазылған баспасөзге берілген ақпаратта.
Қарастырылып отырған бапқа сәйкес, кінәлілердің үш жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.