ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Президент сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізуді ұсынды

Мемлекет басшысы Парламенттің алдында тұрған маңызды екі міндетті атады

Көрнекі фото: sputniknews.kz

VII шақырылымдағы Парламенттің 1-сессиясының ашылуына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдағы барлық өзекті мәселелер, ең алдымен, Парламентте талқылануға тиістігін, қоғам өкілдері мен сарапшылар заң жобаларын дайындау ісіне барынша атсалысуы керектігін айтты.

«Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр. Бұл – сапалы заңдар қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу. Жалпы, еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керек», - деді Президент.

Президент сайлау бюллетеніне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізуді ұсынды.

«Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы дауыс беру ұғымы біз үшін де қалыпты нәрсе болуға тиіс. Сондықтан, барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізген жөн», - деді ол.