$ 540.84  634.46  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.01.2021, 10:40
Жаңалықтар

Индонезияда жер сілкінісінен жеті адам қайтыс болды

Табиғи апат салдарынан цунамидің пайда болу қаупі бар

Индонезияда жер сілкінісінен жеті адам қайтыс болды
Фото: reuters

Индонезиядағы жер сілкінісі салдарынан соңғы тәулікте жеті адам қаза тауып, 600-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

«Бейсенбіде Индонезияда 5,7 және 6,2 балдық екі күшті жер сілкінісі тіркелді. Индонезия метеорология және геофизика агенттігінің басшысы Двикорита Карнавати осы жер сілкінісінен кейін елде кем дегенде 26 aftershock соққыларының болғанын айтты. Сондай-ақ агенттік басшысы тағы бір күшті жер сілкінісі жағдайында цунамидің пайда болу қаупі туралы ескертті», - делінген ақпаратта.

Бұған дейін France Press агенттігі жер сілкінісі салдарынан Индонезиядағы аурухана қирағанын хабарлады. Дәрігерлер мен науқастар үйінді астында қалған. Оқиға орнында құтқару операциясы жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары