$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.11.2019, 12:48
Жаңалықтар

Алматыда 88 сот орындаушысы жазаға тартылды

Прокуратураның мәліметінше, сот орындаушылары өз жұмысын дұрыс орындамаған

Алматыда 88 сот орындаушысы жазаға тартылды
Фото: total.kz

Алматыда сот актілерін орындау кезінде жүйелі бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сот орындаушылары борышкерлердің мүлкіне ауыртпалық салмаған, олардың елден шығуына шектеу қоймаған, заңды тұлғалардың тұрақты табысы мен үлесі бола тұра  борыштарын өндіріп алмаған.

«Мысалы, сот орындаушысының кінәсінен борышкер Әуезов ауданында бір жыл ішінде салықтарды төлемей, шекарадан кедергісіз өтіп және шетелде демалған. Алатау, Алмалы, Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарының прокуратуралары да жеке сот орындаушыларының қызметінен осындай бұзушылықтарды анықтады», - делінген хабарламада. 

Анықталған бұзушылықтар үшін 88 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, қадағалау органы мемлекет алдындағы қарыздың 19 млрд теңгеден асқанын хабарлады. Барлығы 3,3 млрд теңге өндіріліп алынды, оның 20% прокурорлық қадағалау шаралары бойынша.  

Серіктес жаңалықтары