Өңірдегі сайлаушылардың қай партияға дауыс бергені жайлы мәлімет жарияланды

Кеше өткен сайлауда дауыс беруге сайлаушылардың 63,3 пайызы қатысты

Өңірдегі сайлаушылардың қай партияға дауыс бергені жайлы мәлімет жарияланды
көрнекі фото

10 қаңтарда өткен Мәжіліс пен мәслихаттар депутатын сайлаушылар тізіміне енген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы дауыс берді. Сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі бойынша Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында ең төменгі көрсеткіш тіркелді.

Атап айтқанда: Ақмола облысы - 72,8, Ақтөбеде облысы – 58,8, Алматы облысы – 73,5, Атырау облысы – 56,4, БҚО – 62,4, Жамбыл облысы – 72,2, Қарағанды облысы – 70,7, Қостанай облысы – 71,8, Қызылорда облысы – 73,9, Маңғыстау облысы – 55, Павлодар облысы – 71,3, СҚО – 75,5, Түркістан облысы – 65,8, ШҚО – 72,4, Нұр-Сұлтан қаласы – 45,1, Алматы қаласы – 30,3, Шымкент қаласы – 56,5 пайыз.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстың алдын ала қорытындысын жариялады.

ОСК хатшысы Сәбила Мұстафинаның дерегінше, «Ауыл» партиясы сайлаушылардың 5,29 пайыз, «Nur Otan» партиясы 71,09 пайыз, «ADAL» партиясы 3,57 пайыз, «Ақ жол» партиясы 10,95 пайыз және «Қазақстанның Халық партиясы» 9,10 пайыз дауысын жинаған.

Сондай-ақ, өңірдегі сайлаушылардың қанша пайызы қай партияға дауыс бергені анықталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.