11.01.2021, 15:40
Жаңалықтар
ЕҚЫҰ бақылаушылары Қазақстандағы сайлауға бағасын берді
Халықаралық ұйымнан сайлауды бақылауға 48 өкіл қатысты
көрнекі фото: osce.org
ЕҚЫҰ бақылаушылары 10 қаңтарда Қазақстанда өткен Мәжіліс пен мәслихаттар депутатын сайлауға қатысты бағасын берді.
«2020 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда өткізілген Парламент сайлауына дайындық тиімді өтті, алайда оларға транспаренттілік жетіспейді және бұл сайлау елде саяси реформа жасауды жалғастыру қажеттігін көрсетеді», - деді брифингте ЕҚЫҰ бақылаушыларының қысқа мерзімді миссиясының жетекшісі Кристиан Вигенин.
Вигенин Қазақстанда өткен сайлау «Қазақстан ұмтылатын жоғары демократиялық стандарттарға толық сәйкес келмейтінін» атап өтті. Оның пікірінше, елге заңнаманы, оның ішінде ЕҚЫҰ ұсынымдарына сәйкес реформалауды жалғастыру талап етіледі.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 16:49
Ажырасқаннан кейін де бірге өмір сүрген: Таразда ер адам экс-жұбайын есінен танғанша ұрған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды