ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

«Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,09 пайыз дауысын иеленді

инфографика

Орталық сайлау комиссиясы 10 қаңтар күні өткен Мәжіліс депутаттарын сайлауда саяси партиялар жинаған дауыстың алдын ала қорытындысын жариялады.

ОСК хатшысы Сәбила Мұстафинаның дерегінше, «Ауыл» партиясы сайлаушылардың 5,29 пайыз, «Nur Otan» партиясы 71,09 пайыз, «ADAL» партиясы 3,57 пайыз, «Ақ жол» партиясы 10,95 пайыз және «Қазақстанның Халық партиясы» 9,10 пайыз дауысын жинаған.

Естеріңізге сала кетсек, кеше түнде «Қоғамдық пікір» институты жүргізген Еxit poll нәтижесіне сәйкес, респонденттердің 5,75 пайызы «Ауыл» партиясына, 71,97 пайызы «Nur Otan» партиясына, 3,07 пайызы «ADAL» партиясына, 10,18 пайызы «Ақ жол» партиясына, 9,03 пайызы «Қазақстанның Халық партиясына» дауыс берген.

10 қаңтар күні өткен Мәжіліс пен мәслихаттардың депутатын сайлауға тізімге енген сайлаушылардың 63,1 пайызы қатысты.