ШұғылЕлімізде коронавирустан жазылғандар саны 196 мыңнан асты

Қазақстандағы сайлау бойынша exit poll нәтижесі жарияланды

Еxit poll: «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 71,97 % дауысын иеленді

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Мәжіліс пен Қазақстан мәслихаттары депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланды. Бұл туралы «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова мәлімдеді.

«Қоғамдық пікір институты 10 қаңтар күні сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама - Еxit poll жүргізді. Институттың интерверлері 600 сайлау учаскесінде сауалнама өткізді. Оның ішінде - 316-сы қалада, 284-і ауылда. Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын, барлық облыс орталықтарын, аудандық маңызы бар қалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекендерді қамтыды. Күні бойы сауалнаманының 4 толқыны өткізілді. Нәтижесінде 24 мың сайлаушыға сауалнама жүргізілді. Сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында. Сауалнама жүргізу жұмысына 600-ден астам интервер атсалысты», - деді Айнұр Мәжитова.

Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді:

  • Қазақстан Халық партиясы - 9,03 пайыз дауыс;
  • «Nur Otan» партиясы - 71,97 пайыз дауыс;
  • «Ауыл» партиясы - 5,75 пайыз дауыс;
  • «Ақ жол» партиясы - 10,18 пайыз дауыс;
  • «ADAL» партиясы - 3,07 пайыз дауыс.

Парламент Мәжілісіне көшу үшін партиялар жалпы дауыс сайлаушылардың 7% жеті пайыз даусын жинауы тиіс еңсеруі қажет.