$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.01.2021, 01:07
Жаңалықтар

Сайлауда басқа біреудің атынан дауыс бермек болғандар анықталды

Сонымен қатар қайта дауыс беру фактілері де болған

Сайлауда басқа біреудің атынан дауыс бермек болғандар анықталды
Фото: 24.kz

Сайлауға құжатсыз келіп, дауыс бергісі келгендер бар. Бұл жөнінде елдегі Парламент Мәжілісі және мәслихат депуттарын сайлау барысын бақылап жатқан Taza Sailau тәуелсіз бақылаушылар азаматтық қозғалысының өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Заң бұзушылықтар арасында өзгенің атынан дауыс беру, қайта дауыс беру фактілері анықталған. Аталған жағдайлар Алматы, Тараз және Павлодар қалаларында тіркелді. Жалпы Taza Sailau қозғалысының төрт мыңнан астам тәуелсіз бақылаушысы еліміздің 25 қаласындағы сайлау барысын қадағалады. Бақылаушылардың айтуынша, жалпы сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі жоғары.

«Тағы бірнеше жағдай болды. Біз көп жағдайдың алдын алдық. Олай болмайды. Өйткені кейбір азаматтар заңды білмейді Кейбіреулері жеке куәліктерін тастап кеткен. «Оңай» карточкасымен келген жағдайлар бар», - дейді тәуелсіз бақылаушылар азаматтық қозғалысының өкілі Ерқанат Көпжасарұлы.

Серіктес жаңалықтары