Атырау қаласындағы бақылаушы сайлаудың қалай өтіп жатқанын баяндады

Автор: Azattyq Rýhy

Елімізде бүгін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды

көрнекі фото

Атырау қаласы Еркінқала елдімекеніндегі №245 сайлау учаскесінде «Nur Otan» партиясы атынан бақылаушы Гүлмаржан Төленқызы таңнан бері сайлау учаскесіне келген дауыс берушілердің саны шамамен 65-70 пайызды құрағанын айтты. 

«Сайлау ретімен өтіп жатыр. Учаскеге келушілер үшін барлық жағдай жасалған, санитарлық талаптар, әлеуметтік арақашықтық сақталуда. Кіреберісте медициналық маска мен қолғап таратылып, келушілер антисептикалық құрал арқылы қолын тазалап жатыр. Сайлаушылар таңдаған партиясына дауыс беріп жатыр, халықтың белсендігі жақсы деуге болады. Таңнан бері дауыс беруге келуші село тұрғындарының үлесі шамамен 65-70 пайызды құрайды. Ешқандай заңбұзушылық болмады. Бізден басқа да партия бақылаушылары бар. Қазір жалпы саны алты бақылаушы отырмыз», - деді Гүлмаржан Төленқызы.

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:00-дегі жағдай бойынша елімізде сайлау учаскелеріне дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың 43,9 пайызы келді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев мәлімдеді