Коронавируспен ауырған алматылықтардың 44 пайызы індетті қоғамдық орында жұқтырған
Алматы қаласы «сары аймақта» қалып отыр
Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес қала шектеу шараларын бақылауды күшейтуді көздейтін «сары аймақта» қалып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram парақшасына сілтеме жасап.
Соңғы тәулікте КВИ-дің 135 жағдайы тіркелді. Алматы қаласында сырқаттанушылықтың өсуі қазан айында басталған, КВИ жағдайларын тіркелуі 3 айда 14 есеге ұлғайды: қыркүйек айында - 165 жағдай, қазан айында – 366 жағдай (2,2 есе), қараша айында– 1399 жағдай (3,8 есе); желтоқсан – 2 256 жағдай (1,6 есе өсті). Қаңтар айының 6 күнінде КВИ-дің 600-ден астам жағдайы тіркелді.
Соңғы 14 күнде індетті жұқтырғандар арасында 20-39 жас аралығындағы азаматтар 35%, 40-59 жас аралығында 33% құраған, бұл шектеу шараларын бұзумен және бетперде режимін сақтамауға байланысты болды.
COVID-19 сырқаттанғандардың 44%-ы індетті қоғамдық орындарда (сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілері, базарлар) жұқтырған, ал 28% отбасы мүшелерінен жұқтырған. Соңғы аптада отбасы мүшелерінен жұқтыру жағдайларының үлес салмағы 7,1% - ға төмендеген.