Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда тұман түсіп, көктайғақ болады
Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
10 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетелі. Ертең күндіз Ақтөбе қаласында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел, оңтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс бағытына ауысады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.