Павлодарда қоғамдық көлікте бір жыл тегін жүруге болатын билеттер беріле бастады
Жол жүру билеттері-тұрғындардың бес санатына беріледі
Павлодарда жеңілдетілген жол жүру билеттері беріле бастады. Мұндай жеңілдіктер қоғамдық көліктің барлық түрлерінде, соның ішінде микроавтобустарда да қолданылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Павлодар әкімдігінде хабарлағандай, ұзақ мерзімді тегін жол жүру билеттері-бір жылға облыс орталығы тұрғындарының бес санатына беріледі:
- төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы аналар (балалары 18 жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіргенге дейін, колледждер мен жоғары оқу орындарында оқитындар);
- атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататын отбасылардан 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу нысанындағы колледждер мен ЖОО студенттері;
- төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардан шыққан күндізгі оқу нысанындағы колледждер мен ЖОО студенттері (18 жасқа толғаннан кейін оқу орындарын бітіргенге дейін);
- 2 топ мүгедектері;
- көп балалы отбасылардан шыққан, жеті жастан бастап мектепті аяқтайтын уақытқа дейінгі балалар.
«Бүгіннен бастап Кривенко көшесі, 25 мекенжайы бойынша орналасқан «Open Pavlodar» фронт-кеңсесінің № 21, 22 терезелерінен тегін жол жүру билеттерін алуға болады. Жұмыс уақыты 09:00-ден 17:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін», - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.