Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Бұл облыстарда бұрқасын, көктайғақ болады

Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
9 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с артады.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады. 12-13 қаңтарда кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. 9 қаңтарда күндіз, 10-13 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. 12, 13 қаңтарда екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыс желінің күші 15-20 м/с артады.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с артады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыс желі кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.