$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.01.2021, 16:52
Жаңалықтар

Қомақты қаражат жымқырған «Астана РЭК» қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты

Олардың қатарында басқарма төрағасының орынбасары да бар

Қомақты қаражат жымқырған «Астана РЭК» қызметкерлеріне қатысты сот үкімі шықты
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Нұр-Сұлтан қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 74 млн теңге жымқырған «Астана – Аймақтық электр желілік компаниясының» лауазымды қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізді. 6 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық соты оларға қатысты сот үкімін шығарды. 

6 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласының Алматы аудандық №2 соты «Астана-РЭК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары мен оның қол астындағы үш қызметкеріне – электр энергиясын тұтынуды бақылау қызметінің бастығы және учаскелер бастықтарына үкім шығарды. Сеніп тапсырылған электр энергиясын шығындағандардың (үшеуі де) үш жарым жылға бас бостандығы шектелді. Олар сонымен қатар 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылады.

«Компанияның лауазымды қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілерімен алдын ала сөз байласып, жымқырылған электр қуатын шығын ретінде жазып отырған. Кейін осы жетіспеушілік электр қуатын тарату тарифінің өсуіне алып келген. Тергеу барысында осы қылмыстың салдарынан 74 млн теңге шығын келтірілгені анықталды. Сотталушылар шығынды толық өтеді», - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары