Ақтөбеде 3 көпқабатты үй тұрғындары бір апта бойы жылусыз отыр
Былтыр 15 млн теңгеге жөнделген бу қазандығы істен шыққан

Ақтөбеде 3 көп қабатты тұрғын үйдің жылусыз отырғанына бір апта болды. Қаңтар айының басында былтыр 15 млн теңгеге жөнделген бу қазандығы істен шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған. Жылудан үш үй де ажырап қалып отыр.
«Алдағы жетіде осы Ақтөбе қаласы тұрғын үй шаруашылығы бөлімі әділет басқармасына барып құжаттар рәсімдейді. Өз балансына алады», - дейді Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясының сектор меңгерушісі Ақнұр Қазбаева.
Содан кейін осы қазандықтарды Ақтөбе су энерджи компаниясының балансына беру көзделіп отыр. Тұрғын үй шаруашылық бөлімі өз балансына алғаннан кейін жаңадан қазандықтар сатып алынады. Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, жылу мәселесі алдағы екі аптаның ішінде шешілуі тиіс. Ал, тұрғындардың күтуден басқа амалы жоқ.