$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.11.2019, 01:29
Жаңалықтар

Үкімет зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға пайдалану мәселесін зерделеп жатыр – Мамин

Ол үшін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен ұзақмерзімді өзекті модельдерді қалыптастыру негізінде зейнетақы жүйесін одан ары жетілдіру бойынша кешенді шаралар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылған.

Үкімет зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана алуға пайдалану мәселесін зерделеп жатыр – Мамин
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда зейнетақы жинақтауда сингапурлық тәжірибені қолдану мүмкіндігі зерделеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жай-күйіне талдау бүгінгі күні 5,3 млн жинақтаушының 500 мың теңгеге дейін, 1,6 млн адамның 500 мыңнан 1 млн теңгеге дейін зейнетақы жинағы бар екендігін көрсетіп отыр. Осылайша, азаматтардың зейнетақы жинағының орташа көлемі 1 040 800 теңгені, оның ішінде ерлерде 1 164 700 теңгені, әйелдерде 900 400 теңгені құрады. Үкімет Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру үшін жұмыс істейтін азаматтардың зейнетақы жинағының бір бөлігін баспана сатып алуға немесе білім алу үшін пайдалану мәселесін зерделеп жатыр», - деді  Асқар Мамин.

Оның айтуынша, ол үшін Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен ұзақмерзімді өзекті модельдерді қалыптастыру негізінде зейнетақы жүйесін одан ары жетілдіру бойынша кешенді шаралар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Оның құрамына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар кіреді. Қазіргі уақытқа дейін жұмыс тобының 4 отырысы өтіп, онда бірыңғай әлеуметтік қор құру және бір әлеуметтік төлем енгізу жолымен әлеуметтік қамтамасыз етудің бюджеттен тыс жүйесін шоғырландыру, зейнетақы жүйесі тиімділігін арттыру, сонымен қатар жұмыс берушінің 5 пайыз міндетті зейнетақы жарнасын аудару мерзімін 2020 жылдан 2023 жылға шегеруі мәселелері қаралды.

«Сонымен қатар жұмыс тобы Қазақстанда жинақтаушы қор қалыптастыруда сингапурлық тәжірибені қолдану мүмкіндігін зерделеп отыр. Бұған қоса, бүгінде жұмыс тобы нақты ұсыныс әзірлеген жоқ және оларды талқылау жалғасып жатыр», - деді Үкімет басшысы.

Серіктес жаңалықтары