ШұғылЕлімізде коронавирустан жазылғандар саны 196 мыңнан асты

ШҚО-да жыл басынан бері 14 адамды үсік шалды

Облыста ауа райы 43 градусқа дейін төмендеген

Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-да сынап бағаны 43 градусқа дейін төмендеген. Бес күннен бері облыста аяз басылмай тұр. Үсік шалып, ауруханаға түскендердің де қарасы көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Күннің суығынан дизельді жанармаймен жүретін автобустар оталмай қалды. Оны такси жүргізушілері пайдаға жаратып, қызмет бағасын үш есеге дейін көтеріп жіберген. Бұл күндері полицейлер күні-түні кезекшілік етіп, жолда қалған адамдарға көмек көрсетумен болды. Жалпы жыл басынан бері 14 адамды үсік шалды.

«Қалалық полиция басқармасының жеке құрамы күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Республикалық жолдарда 5 жүргізушіге көмек көрсетілді. Бәрі де аман-есен қалаға жеткізілді», - дейді қалалық ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығы Мейірбек Нұрекенов.

Тегтер: