Көкшетауда жаңа онкологиялық емхана ашылды

Ақмола облысы онко-аурулар жөнінен еліміз бойынша бесінші орында тұр

Көкшетауда жаңа онкологиялық емхана ашылды

Диагностикалық орталық бір мезетте 150 адамды қабылдай алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап. 

Құрылысына 2 жарым млрд теңгеден астам қаражат жұмсалған нысан заманға сай барлық қондырғымен жабдықталған. Мұнда соңғы үлгідегі компьютерлік томография, бірнеше МРТ мен ультрадыбыстық зерттеу аппараты және цифрлық рентген бар. Ал бұрын пациенттермен қатар қатерлі ісікке тексерілетін аймақ тұрғындары да онкологиялық диспансердің ескі әрі тар ғимаратында дәрігерге көрінуге мәжбүр болатын. Енді ол күндердің барлығы артта қалды дейді мамандар. 

Айта кетейік, Ақмола облысы онко-аурулар жөнінен еліміз бойынша бесінші орында тұр. Өңірде аталған дертпен 9 мыңға жуық науқас тіркелген. 

"Мұнда амбулаториялық хирургия кабинеті болады. Ол жерде ауруы тым асқынып кетпеген пациенттерге кішігірім операциялар жасай аламыз. Ал нысан негізінен диагностика мен профилактикаға арналған. Мұнда 94 адам жұмыс істейді. Олардың 23-і – дәрігерлер. Олар жақында өз жұмыстарына кіріседі» - дейді облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Болат Әбішев. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.