04.01.2021, 11:25
Жаңалықтар
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 85 миллионнан асты
1,8 млн адам қайтыс болды
Фото: reuters.com
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 85 миллионнан асты. 1,8 млн адам қайтыс болып, 47,7 млн адам жазылып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс университетінің деректеріне сілтеме жасап.
Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Мұнда COVID-19 20,5 млн адамнан анықталып, 351 мыңнан астам адам көз жұмған. Екінші орында тұрған Үндістанда 10,3 млн науқас тіркеліп, қайтыс болғандар саны 150 мыңға жуықтап қалды. Одан кейінгі орында Бразилия тұр. Мұнда 7,7 млн адамнан коронавирус анықталып, оның 196 мыңы қайтыс болды. Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша Ресей төртінші орында тұр. Ресейде 3,2 млн науқас тіркелген. Оның 2,6 миллионы жазылып шықса, 58 мыңнан астамы қайтыс болды.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды