04.01.2021, 10:56
Жаңалықтар
Павлодар облысында көлік қозғалысы шектелді
Өңірде аяз - 39 градусқа дейін жетті
Фото: ашық дереккөзден
Өңірде аяз күшейіп, - 39 градусқа дейін жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 3 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз -39 градусқа дейін) республикалық және облыстық маңызы бар барлық автожолда дизель және қоғамдық көліктің түрлеріне қозғалыс жабылатыны туралы ескертті.
«Қатты аязда далаға шықпауларыңызды және қатты отынды пайдалану кезінде абай болуларыңызды, сонымен қатар, суықта жылытқыш электр құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігін сақтауды, кәмелетке толмаған балаларды жалғыз қалдырмауды сұраймыз. Өзіңізді және жақыныңызды қорғаңыз», - деді департаменттен.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды