4 қаңтар күнгі ауа райы болжамы
Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады

4 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің батыс, солтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болып, оңтүстігінде жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Алматы облысының кей жерлеріне тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау, Ақтөбе, Манғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.
Түнде Алматы облысының басым бөлігінде, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты аяз, Алматы облысының кей жерлерінде өте қатты аяз болады.