ШҚО-да шектеу шаралары ұзартылды

Карантиндік шектеулер 18 қаңтарға дейін қайта созылды

ШҚО-да шектеу шаралары ұзартылды
Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысында карантиндік шектеулер 18 қаңтарға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысына сілтеме жасап.

Қаулыда өңірдегі карантиндік шектеулер 18 қаңтарға дейін қайта созылатыны айтылған. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

«2021 жылдың 6 қаңтарынан бастап облыс аумағында жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен шағын автобустар қайта қатынай бастайды. Сондай-ақ 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап 300 оқушысы бар қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта білім беруге рұқсат етіледі. Әр сыныпта 15 оқушыдан аспау керек», - делінген құжатта.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.