Бұған дейін қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты уақытша тоқтатылған еді
Елорда маңына қатынайтын автобустардың алты бағдары жұмысын жандандырды, , деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі City Transportation Systems компаниясының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
«Қала маңына қатынайтын бағдарлар қозғалысына шектеу алынып тасталды. Осыған орай №№ 308, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарлар қайтадан қатынайды. №№ 305, 309 бағдарлар бойынша ақпаратты кейінірек ұсынамыз», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты уақытша тоқтатылған еді.