03.01.2021, 10:27
Жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда қала маңына қатынайтын 8 бағдардағы автобус тоқтатылады
Мұндай шешім ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданды
Фото: баспасөз қызметінен
Елордада қала маңына қатынайтын 8 автобус маршруты уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі City Transportation Systems компаниясының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
«Ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз -30 - 38) байланысты қала маңына қатынайтын №№ 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, компания 3-4 қаңтарда барлық автоусбтар түнгі 23:00-ге дейін ғана қатынайтынын хабарлайды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды