Қысқы ойын алаңдарында жағдай жасалмаған – астаналықтар
Тұрғындардың айтуынша, қысқы қоғамдық орын ретінде ашылған алаңның кем-кетігі көп
Елорданың бірнеше жерінде қысқы ойын алаңдары ашылған еді. Мұнда ата-аналарды алаңдатқан бір ғана мәселе – қауіпсіздік, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Тұрғындардың айтуынша, мұнда ең алдымен санитарлық норма сақталмаған, екіншіден қоғамдық тәртіпке жауапты маман жоқ. Қолына петарда ұстаған балалар өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп төндіріп жүр.
Сонымен қатар тұрғындар мұздың бетіндегі қардың тазаланбайтынын айтты. Олардың айтуынша, қысқы қоғамдық орын ретінде ашылған алаңның кем-кетігі көп. Балалардың коньки ауыстыруына арналған жылы бөлме жоқ. Алаңның сапасы да сын көтермейді. Бұл - Қосшығылұлы көшесіндегі жағдай. Ал қала әкімдігі алдында орналасқан алаңда ахуал басқа.