Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қайтыс болды
Спортшы сырқаттанып жатқан
Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Жасталап Санауов қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин өзінің Facebook-парақшасында жазды.
«Жасталап Санауов Қазақстандағы каратэ қозғалысының негізін қалаушылардың бірі болды. Ол ұзақ жыл Қазақстанның каратэ-до федерациясын басқарды, әлемде танымал Jk Fan журналының қазақстандық нұсқасын шығарумен айналысты. Оның арқасында елімізде ірі халықаралық турнирлер өтті. Ол Халықаралық каратэ-до федерациясының атқарушы комитетіне ТМД-дан алғаш болып сайланған», - деп жазды Е. Қарин.
Бапкер сырқаттан қайтыс болған. Оның біраз уақыт төсек тартып жатқаны айтылды.
Жасталап Санауов 1966 жылы 26 мамырда дүниеге келген. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбегі сіңген бапкер.