25.11.2019, 09:57
Жаңалықтар
Қара теңізде кеме аударылып, 14 мың қой қырылып қалды
Құтқарушылар бортта болған 22 адамды жағаға алып шыққан
Румынияда 14 мың қойды тасымалдамақ болған кеме аударылып қалды деп хабарлайды BBC News.
Queen Hind деп аталатын кеме 24 қараша күні белгісіз себептерден су астына кеткен. Ол Мидия портынан Сауд Арабиясындағы Джидда қаласына қарай шығып, көп ұзамай аударылып қалды. Құтқарушылар тек бортта болған адамдарды және бірнеше қойды ғана жағаға алып шықты.
Су көлігінде Сирияның 22 азаматы болыпты. Олардың тек біреуі ғана ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның денесін үсік шалған дейді.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды