Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдырды

QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі басталды

Бердібек Сапарбаев коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны салдырды

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа QazCovid-in коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина егілді. Әкімдіктің мәліметінше, вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс ерікті келісім бойынша жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

«Бүкіл әлемдегі сарапшылар қауіпсіз және тиімді вакцинаны жасау мен өндіруді жеделдету үшін көп жұмыс істеуде. Қордай ауданында орналасқан биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ біздің қазақстандық вакцинамызды да әзірледі. Еріктілерде клиникалық зерттеулердің алғашқы екі кезеңі өтті, олар жақсы нәтижелер мен жанама әсерлердің болмауын көрсетті. Қазір Таразда клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңі өтуде. Қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетіп, жаппай қолдануға ұсынылады деп үміттенемін», - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ әкіммен бірге Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин де вакцинациядан өтті. 

19 желтоқсанда БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеудің үшінші кезеңі басталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.