Қостанайда қоқыстан табылған бала клиникалық өлім жағдайында болған

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлердің айтуынша, баланың басына пакет киілген

Фото: ашық дереккөзден

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Қостанайда қоқыс контейнерінен табылған балаға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі alau.kz-ке сілтеме жасап.

«Сағат 10:48-де жедел жәрдем қызметіне қоңырау түсіп, дәрігерлер 10:55-те оқиға орнында болды. Қоқыс контейнерінде жаңа туған бала жатты, оның басына пакет киілген. Бала клиникалық өлім жағдайында болды. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысқанымен, одан еш нәтиже шықпады. Жаңа туған баланың денесі мәйітханаға жеткізілді», дейді баспасөз қызметіндегілер.

Айта кету керек, кеше Қостанайдың «Әуежай» шағын ауданында жаңа туған нәрестенің денесі табылғанын хабарлаған болатыныз.