Ұлыбританиядағы коронавирустың жаңа штаммы балалар үшін аса қауіпті
Вирус COVID-19-дың басқа түрлеріне қарағанда 70 пайызға жұқпалы
Лондон Императорлық колледжінің профессоры Венди Барклай Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа штаммы жасушаларға ену қабілетінің жоғары болуына байланысты балалар үшін аса жұқпалы болып келетінін мәлімдеді. Бұған дейін Ұлыбритания билігі коронавирустың жаңа мутациясы COVID-19 басқа түрлеріне қарағанда 70 пайызға жұқпалы екенін атап өткен болатын.
Оксфорд университетінің ғалымдары, AZD1222 атымен белгілі коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны жасап жатқан AstraZeneca фармацевтикалық компаниясымен бірге аталған вакцинаның тиімділігін арттыруға қабілетті жаңа формуланы анықтады. Бұл туралы компанияның атқарушы директоры Паскаль Сорио мәлімдеді. Қараша айында препараттың коронавирустан қорғау деңгейінің тиімділігі орта есеппен 70%-ды көрсеткен болатын, бұл негізгі бәсекелестердің көрсеткіштерінен едәуір төмен.
Израиль мемлекетінде пандемия басталғалы үшінші локдаун енгізілді. Тұрғындарға үйлерінен бір шақырымнан артық қашықтыққа себепсіз шығуға тыйым салынды, бірінші қажеттіліктегі тауарлар мен азық-түлік қызметін ұсынбайтын барлық дүкендер мен кәсіпорындар жабылды.