27.12.2020, 22:59
Жаңалықтар
ШҚО-да жолда қалған 14 адам құтқарылды
Ал шағын автобус Аягөзге арнайы техникамен апарылды
Фото: баспасөз қызметінен
Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары рейстік шағын автобустың жолаушыларына көмектесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Аягөз қаласынан 305 шақырым жердегі «Алматы-Өскемен» тасжолының 805 шақырымында келе жатқан шағын автобус сынып қалған. Рейстік «Газельде» 14 жолаушы болды. Олар бірден «112» қызметіне хабарласқан. Жолаушыларды Аягөз қаласына жеткізіліп, жергілікті спорт мектебіне орналастырылды. Ал шағын автобус Аягөзге арнайы техникамен апарылды», - деп жазылған хабарламада.
ТЖД тұрғындарға алыс сапарға шыққан кезде Darmen мобильді қосымшасы арқылы жолдардың жай-күйі туралы алдын ала біліп алуға кеңес береді.
Көп оқылған
02.07.2026, 14:58
Алакөлде қайғылы оқиға: суға батқан анасы мен қызын құтқарушылар жағаға алып шықты
02.07.2026, 16:29
Жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатпақ болған: қаза тапқан полицей жайлы тың мәлімет жарияланды
02.07.2026, 12:29
Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты