ПТР-анықтамасыз ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте елімізге 14 әуе рейсімен 1606 жолаушы келген

ПТР-анықтамасыз ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөзден

26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Үндістан, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 14 халықаралық әуе рейсі келді. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

1 606 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 336 адам, анықтамасыз 270 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 795 жолаушы, анықтамамен – 706, анықтамасыз - 89;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 416 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 70;
Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 238 жолаушы, анықтамамен - 135; анықтамасыз - 103;
Қарағанды қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 142 жолаушы анықтамамен келді;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 15 жолаушы, анықтамамен – 7; анықтамасыз – 8 адам келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

25 желтоқсанда анықтамасыз келген 206 қазақстандықтың ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Анталия – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.