$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2020, 20:03
Жаңалықтар

Nur Otan: ШҚО Абай ауданында жаңа жұмыс орындарын ашпақ

Жұмыссыздар жаңа мамандыққа даярланып жатыр

Nur Otan: ШҚО Абай ауданында жаңа жұмыс орындарын ашпақ

Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облысында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Абай аудандық партия өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды және халық тарапынан қолдауға ие болды.

«Nur Otan» партиясының Абай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Бұлбұл Мәкенова, Мәдина Қарақабақова, Альфира Желдібаева «Nur Otan» партиясының Абай аудандық сайлауалды штабында сайлаушылармен және бюджет саласы мамандарымен кездесу өткізіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жүргізді.

«Баршамыздың ортақ мақсатымыз – әр тұрғынның өмір сүру деңгейін жақсарту. Бүгінгі таңда барлық азамат партиядан нақты мәселелерді шешіп, тың бастамаларды жүзеге асыруды күтеді. Сондықтан, партия жүйелі жұмыс істеп тұрғандарын нығайту, жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарын құруды жоспарлап отыр», - деді кандидаттар.

Nur Otan партиясы:

  • жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды «Еңбек» бағдарламасы бойынша белсенді жұмыспен қамту және әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға (қоғамдық жұмысқа 1400 адамды тарту);
  • саны кемінде 125 адамды құрайтын аудан тұрғындарын мамандыққа тегін оқытуға (компьютерлік сауаттылық, бульдозерші, тиегіш, ветеринарлық санитар, «В», «С», категориялық көлік жүргізушілері, бухгалтер, электромонтер, көлік жүргізушілері, наубайшы, газбен дәнекерлеуші, тракторшы, машинист, тігінші, шаштараз);
  • жұмыс берушінің сұранысы бойынша кемінде 130 әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған 175 адамға жеке өндірісін ашу үшін несие беруге (мал басын алу, шағын наубайхана, шаштараз) мүмкіндік тудырып отыр.

Бұл шаралар 2025 жылға қарай 1830 жаңа жұмыс орнын құруға және жұмыссыздарға 4,7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

«Абай ауданында шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға кең жол ашылған. Қасқабұлақ ауылында ашылған «Баст» мыс кен өндіру кәсіпорнының ашылуы қаншама жұмыссыздың жұмысқа орналасыуына себеп болды. Міне, бұдан басқа да бізде жұмыссыздықтың санын азайту жолында жаңадан ашылған орындар партия назарынан тыс қалмай, жұмысқа орналасып жатқан адамдар осы сөзімнің дәлелі бола алады. Ауданымызда жұмыссыздар наубайхана, шаштараз, шағын дүкен ашып, өз кәсібін бастап, дөңгелетіп отыр. Партияның жұмыссыздарды жұмыспен қамту аясында қолдау көрсетіп отырған қуантады. Мысалы, шағын тігін шеберханасын ашқан аналарымыздың өнімі аудан тұрғындарының көңілінен шығуда. Осы ретте мен партияның атқарып отырған жұмысына ризашылығымды білдіріп, оғң баға бере кеткенді жөн көріп отырмын. Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін еңбекақылары да өсуде. Алдағы сайлауда сөзі мен ісі нық осы Nur Otan партиясына осында отырған бюджет саласының барша маманына дауыс беруге шақырамын», - деді Білім бөлімінің әдіскері Бектөлеу Имантай.

«Nur Otan» партиясының Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары