$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2020, 04:16
Жаңалықтар

«Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы он жылда 500-ге жуық жаңа вагон сатып алмақ

Ал келесі жылдан бастап компания жолсеріктерге сыйақы бермек

«Жолаушылар тасымалы» АҚ алдағы он жылда 500-ге жуық жаңа вагон сатып алмақ
Фото: ашық дереккөзден

«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы 500-ге тарта жаңа вагон алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның бас директоры Питер Штурм хабарлады. Оның айтуынша, вагондар жолаушылардың барлық категориясына қолайлы болмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Ұлттық тасымалдаушы компания вагондар паркін жаңартпақ. Алдағы он жылда 500-ге тарта жаңа жолаушылар вагоны алынады деп жоспарланды. Олардың бәрі еуропалық стандартқа сай жасақталады. Заманауи вагондар мүмкіндігі шектеулі жандарға да өте ыңғайлы. Стратегиялық серіктестер халықаралық байқау арқылы анықталған.

«Лайықты қызмет көрсету арқылы клиенттеріміздің санын арттырғымыз келеді. Вагондар күніне 3 мәрте жуылады. Орындар жұмсақ тыспен қапталған. Келер жылдың басында 564 вагондағы 1128 дәретхана толық жаңартылады», - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Питер Штурм.

Айта кету керек, компания келесі жылдан бастап жолсеріктерге сыйақы беруді көздеп отыр. Бұл үшін 70 млн теңге бөлінеді.

Серіктес жаңалықтары