Қарағанды облысында 38 көше атауы өзгерді
Бұл туралы Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы хабарлады
Қарағанды облысында бірқатар көше атауы өзгерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы Facebook парақшасына сілтеме жасап.
«Бүгін Қарағанды, Қаражал және Балқаш қалаларындағы 38 көшенің атауын ауыстыру туралы Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихаты шешімі әділет органында тіркелді» - делінген хабарламада.
Қарағанды қаласында:
Приканальная көшесі – Сарыарқа көшесі;
Кривогуз көшесі – Қасым Аманжолов көшесі;
Аманжолов көшесі – Балқантау көшесі;
Защитная көшесі – Григорий Потанин көшесі;
Зональная көшесі – Александр Затаевич көшесі;
Кувская көшесі – Қазыбек Нұржанов көшесі;
Волочаевская көшесі – Камали Дүйсембеков көшесі;
Олимпийская көшесі – Нарманбет Төлепов көшесі;
Нұржанов көшесі – Мерей көшесі деп қайта аталды.
Сондай ақ, Қаражал қаласындағы бір көше мен Балқаш қаласындағы 28 көшенің атауы өзгерген.