$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.11.2019, 09:58
Жаңалықтар

Тоғызқұмалақ ойынының оқу құралы литва тілiнде жарық көрді

Көктемде Литва мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақтан жарыс өткен

Тоғызқұмалақ ойынының оқу құралы литва тілiнде жарық көрді
Фото: Baq.kz

Қазақстанның Литвадағы Елшілігі Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясымен бірлесіп қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ туралы литва тілінде алғашқы әдістемелік құралды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Литвадағы Елшісі В.Темірбаев атап өткендей, бұл зияткерлік ойын Балтық жағалауында танымал бола бастады. Бұл ойынды 2018 жылы Елшілік Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясымен бірге Латвияда ұсынған, ал 2019 жылы Латвия ойыншылары Ыстамбұлда өткен Тоғызқұмалақ әлем чемпионатына қатысқан. 

Қазақтың ұлттық ойынымен танысу Литвада 2019 жылы өтті және көктемде Литва мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. 

Қазақстандық дипломат нұсқаулықтың электронды нұсқасына Елшіліктің сайтында қол жеткізуге болатынын айтты.

Литва тіліндегі нұсқаулық алдағы 2020 жылы қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтуге дайындалу мақсатында жарияланды. Абайдың осы стратегиялық ойынның шебері саналғаны белгілі. Келесі жылдың қаңтарында елшілік Вильнюста тоғызқұмалақтан Абайдың 175 жылдығына арналған жарыс өткізуді жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары