Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 77 миллионға жуықтап қалды

Коронавирустан 1,7 миллионға жуық адам қайтыс болды

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 77 миллионға жуықтап қалды
Фото: ашық дереккөзден

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 77 миллионға жуықтап қалды. Сонымен қатар 54 миллионға жуық адам жазылып шығып, 1,7 миллионға жуық адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

«Әлем бойынша COVID-19 вирусы 76 635 408 адамнан анықталып, 1 692 075 адам қайтыс болды, 53 758 431 адам сауығып шықты. Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ бірінші орында тұр. Мұнда коронавирус 18 078 009 адамнан анықталды. Қайтыс болғандардың саны 323 404, ал 10 545 445 адам емделіп шықты», - деп жазылған хабарламада. 

Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша екінші орында тұрған Үндістанда 10 031 659 адам вирус жұқтырған. Олардың 145 513-і қайтыс болды және 9 580 402 адам сауықты.

Үшінші орында Бразилия тұр. Мұнда 7 213 155 науқас тіркелді. Оның ішінде 186 356 адам қайтыс болды және 6 222 764 емделіп шықты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.