20.12.2020, 18:50
Жаңалықтар
Ақмола облысындағы жол апатынан үш адам мерт болды
Тағы екі жолаушы ауруханаға түсті
Фото: ашық дереккөзден
19 желтоқсанда «Жезқазған-Петропавл» автожолының 551 шақырымында екі көлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам алған жарақатымен ауруханаға түсті.
Арқалықтан Қостанай қаласына бағыт алған «Шевроле-Триблейзер» автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісі маневр жасамақшы болып, қарсы бағытта жүріп келе жатқан DAF көлігімен соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен ондағы екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы - 25 жастағы қыз бен 39 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен Есіл ауданының (Нұр-Сұлтан қаласы) ауруханасына жатқызылған.
Қазір жол апаты бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде.
Көп оқылған
19.11.2026, 13:32
«Жансейіт Түймебаевтың арқасы»: Тоқаев Серіктестер форумында ҚазҰУ ректоры туралы сөз қозғады
19.11.2026, 10:00
Ет - етке, сорпа - бетке: Астанаға мал сойып әкелетін делдалдар базардағы бағаға қалай ықпал етеді
19.11.2026, 12:32
Бас мүфти Астананың тамадаларын жинап алып, тойдағы ұятсыз ойындар туралы сөйлесті
19.11.2026, 17:27
Астанада қызметкерін жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген полковник 6 млн теңге айыппұл арқалады
