19.12.2020, 13:57
Жаңалықтар
Бүгін елордадағы сноуборд алаңы пайдалануға беріледі
Ашық алаң қысқы экстремалды спорт түрлеріне арналған
Фото: баспасөз қызметінен
19 желтоқсан күні елордада Nur-Sultan Snowpark алаңы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгін 18:00 кезінде елордадағы Ататүрік саябағында Nur-Sultan Snowpark сноуборд алаңы ашылады. Бұл шара ашық ауадағы жаттығу форматында өтеді. Барлық санитарлық карантин талаптары сақталады.
Nur-Sultan Snowpark – snowboard және freeski секілді қысқы экстремалды спорт түрлеріне арналған ашық спорт-жаттығу алаңы. Онда джиббинг спортымен де айналысуға болады. Жобаны іске асыруға астананың Байқоңыр ауданының әкімдігі және Қазақстан скейтбординг федерациясы қолдау көрсеткен.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)