«Nur Otan» өкілдері Сырдария ауданы тұрғындары проблемасын шешуге уәде берді
Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр
Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан Қызылорда облыстық мәслихат депутаттағына үміткер Расул Есенов және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жеңісбек Сыздықов пен Еркебұлан Жақып Сырдария ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.
Тереңөзек кентінің мәдениет үйінде өткен бұл басқосуда әуелі аудан тұрғындары өздерін толғандырған кәсіпкерлік, әлеуметтік салалар бойынша мәселелерді қаузады және алдағы уақытта медицинаға қолжетімділік арта түсіп, сапалы жолдар салынса, әрі осы күнге дейін маңызд болып келген жылу мен су мәселесі шешімін тапса деген пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, 1-2 пайыздық жеңілдікпен несие беріліп, егін мен мал шаруашылығын дөңгелетіп әкетуге мүмкіндік жасалса деген ұсыныстарын да жеткізді. Үміткерлер болса көтерілген түйінді мәселелер шешілетінін айтып, аудан тұрғындарының әлеуетін арттырудағы партияның нақты жоспарларына тоқталды.
«Біздің партия сайлауалды бағдарламасында 7 басым бағытты мақсат етуде. Сіздердің ұсыныстарыңыздың барлығы сонда қамтылып отыр. Сол арқылы өңірімізді дамытып, жыл санап алға жылжытып, бәсекеге қабілетті экономика және өмір сүру үшін жайлы аумақ ететін нақты шаралар ұсынамыз» – деді үміткер Р.Есенов.
Еркін форматта өткен ашық сұхбат кезінде үгіт тобы аудан тұрғындарына 2022 жылы Сырдария ауданының А.Тоқмағанбетов, 2023 жылы С.Сейфуллин, 2024 жылы Қалжан ахун елдімекені газбен қамтамасыз етіліп, Тереңөзек кентінде жаңа спорттық нысандар салынатын және 2 спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетіндігі айтылды. Сонымен қатар, А.Тоқмағанбетов, Н.Ильясов ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысын реттеп, әрі кезең-кезеңімен білім беру объектісінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізлетіндігінен хабардар етті.
Мазмұнды өткен жарқын жүздесуде үміткерлер тұрғындарды 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге үгіттеді.
«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді