Өзге ұлт өкілдері білім саласындағы басымдықтарды қолдады

Өңірлерде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр

Өзге ұлт өкілдері білім саласындағы басымдықтарды қолдады

Тарихы тереңде жатқан Қазақ елінің тәуелсіздік мерекесінде Маңғыстау облысындағы өзге ұлт өкілдері ҚХА-ның үлкен жиын залында басқосты. Жиынның мақсаты – «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға әзірлеген даму бағдарламасымен танысу, этнос өкілдерімен кері байланыс орнату, ұсыныс-пікірлерін білу.

Партияның сайлауалды бағдарламасын облыстық мәслихат депутатына үміткер Людмила Меңдіғалиева толық таныстырып өтті. Әр өңірге жеке әзірленген бағдарламаның маңызды бөліктеріне тоқталып, әңгіме барысында білім саласындағы басымдықтарға кеңінен көңіл бөлді. 5 жылда республика көлемінде жаңа 800 мектеп салу және аудан орталықтары мен ауылдарда 5 мың мектепті жаңғырту жоспарланған. Соның ішінде жаңа 20 мектеп облыс көлемінде бой көтермек. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ын мектепке дейінгі біліммен қамту көзделген.

«Биыл жалпы әлем елдері үшін оңай болмады. Әлемдік пандемияның әсерінен елімізде төтенше жағдай жарияланып, бүгінгі күнге дейін карантин шаралары жалғасып келеді. Негізгі күш денсаулық саласының қызметкерлерімен бірге білім саласы, педагогтарға да қатар түсті. Оқушылар онлайн оқуға көшкенде алдын ала не оқушыда, не мұғалімде дайындық болмады. Алайда, бұл жағдай барлық саладағы қызметке кеңірек қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға үйретті. Цифрландыру саясатын енгізу қарқынды жүзеге асты», - деді Л.Меңдіғалиева.

Сонымен қатар, шара барысында облыстық сайлауалды штаб мүшесі, «Дагистан» дағыстан халқының мәдени орталығы төрағасы Юсуп Шахшаев пен «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Раиса Маденоваға сөз берілді. Олар мерекемен құттықтап, партияның дамуға қосқан үлесі жөнінде айтып өтті. Жиналғандардан мектептегі оқу бағдарламасы, камқоршылық кеңес бойынша сұрақтар қойылып, жауап берілді.

Курбанали Газибеков, «АЛА-ТОО» этномәдени бірлестігінің төрағасы.

«Бүгінгі кездесуде партияның алдағы мақсатты жұмысымен толықтай таныстық, білім саласындағы жақсы жаңалықтарға қанық болдық. Мұғалімдердің мәртебесі артып, жалақысы көтеріліп, жастар осы салада қызмет етуге қызығушылығы артады деген сенімдемін. Партияның басым бағыттарын қолдаймын», - деді ол.

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.