$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.12.2020, 15:56
Жаңалықтар

Байқоңырдағы мектептерге «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндері енгізіледі – Nur Otan өкілдері

Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр

Байқоңырдағы мектептерге «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндері енгізіледі – Nur Otan өкілдері

Қызылорда облысында «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қармақшы ауданындағы білім саласы өкілдерімен кездесті.

Басқосу аясында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, алдағы жоспары айтылды. Кандидаттарға сала өкілдері өздерін алаңдатқан мәселелерін және ұсыныс-тілектерін айтып, білім саласын дамыту турасындағы ойларын бүкпесіз ортаға салды. Екі жақты диалогта айтылған күрмеулі әрі өзекті деген сауалдар партия тарапынан ескерілетінін және назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Өз кезегінде партия мүшелері алдағы уақытта облыста білім сапасын арттыру мақсатында атқарылатын жүйелі жұмыстар, ілкімді істер туралы баяндады. Ауыл мен қала арасындағы білім беру алшақтығын жою, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен толық қамту сияқты келелі жайттарға кеңінен тоқталды.

Білім сапасын арттыру үшін «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылда қажетті шараларды қолға алып, нақты қадамдар жасамақ. Атап айтқанда, сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында  партия 8 мектепті күрделі жөндеуден өткізеді; 1 ресурстық инклюзивті орталық, инклюзивті кабинеттер мен логопедтік пункттер ашады және оларды арнайы мамандармен қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Сондай-ақ, көпбалалы отбасылардың балаларын қашықтықтан оқытуға жағдай жасап, қажетті  құрылғылармен қамтамасыз етеді. Жоспарлы жұмыстардың нәтижесінде 1 және 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткішін 77,0%-дан 85,7%-ға дейін артпақ.

Сонымен қатар, Байқоңыр қаласы әкімшілігінің жалпы білім беретін мектептерінде «Қазақстан тарихы», «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері енгізіледі.

2025 жылы инклюзивті білім беруге жағдай жасап отырған мектептер санын 10-нан 29-ға дейін, жоғарғы және орта білім беру ұйымдарына түскен мектеп бітіруші түлектердің үлесін 97,0%-ға жеткізу межеленіп отыр деді кандидаттар.

Кандидаттарға қойған сауалдарына тұшымды жауап ала білген білім саласының өкілдері алдағы саяси науқанға белсенді қатысып, «Nur Otan» партиясын қолдайтындарын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары