«Nur Otan» – нақты іс-қимыл партиясы
Аймақта сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр
Қызылордада «Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Наурызбай Байқадамов, Аманжол Оңғарбаев, Сәрсенкүл Биқожа және қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Бибіткүл Каримова «Рухани жаңғыру» орталығында зиялы қауым өкілдерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізігі басымдықтармен таныстырды.
Кездесуде зиялы қауым өкілдері, Қызылорда қалалық білім беру ұйымдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Мылтықбай Бәйімбетов, ардагер ұстаз Сәбит Ілиясов, ардагер журналист Қайырбек Мырзахметов өзекті ойларын ортаға салды.
Үміткерлер де сайлауалды бағдарламадағы ірі жобаларды сөз етіп, өзекті проблемаларды шешу қарастырылғанын жеткізді.
Наурызбай Байқадамов биылғы сайлаудың ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ, «Өзгеріс жолы: баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын тілге тиек етті.
Халық бірлігі мен қоғамдық келісім – Қазақстанның табысты дамуының сенімді іргетасы. «Nur Otan» партиясы мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. Бүгінде Қызылорда облысында 35-тен астам ұлт өкілдері тұрады, 11 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. 399 мәдениет және өнер ұйымдары халықтың бос уақытын ұйымдастыру және өткізу үшін, ең алдымен балалар мен жастар, зейнеткерлер үшін тартымды орынға айналды. Біз Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырамыз. Ол үшін «Nur Otan» партиясы облыстың киелі нысандары бойынша өлкетану экспедициялары мен экскурсиялар өткізу, Сығанақ, Жанкент, Бәбіш мола қалаларына археологиялық зерттеулер жүргізу, тарихи-мәдени мұраның 100 объектісіне QR-кодтарын орнату секілді жұмыстардың іске асуына жағдай жасайтын болады. Өңірдің рухани қолдаушысы ретінде Сіздер партияның бастамаларын жүзеге асыруға бірінші болып қолдау көрсетеді деп сенім білдіремін деді Наурызбай Байқадамов.
«Nur Otan» партиясы елді мекендерді әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге, жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй–коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай-ақ өңірдегі қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл-ел бесігі» жобаларын іске асыруға жәрдемдесетін болады. Халықтың әлеуметтік жағдайы, денсаулығы, білім алуы, елдің экономикасы басты назарда» екені айтылды.
Сайлаушылар бағдарламада қамтылған өзекті мәселелер оң шешімін табу үшін көшбасшы партияға дауыс берітіндіктерін жеткізді.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.