ШұғылӨткен тәулікте Қазақстанда 835 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

22 қарашаға ауа райы болжамы

Ауа райы қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар тасжолындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды 

«Қазгидромет РМК» ауа райы қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Еліміздің басым бөлігі антициклон ықпалында болатындықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Алайда аяздың беті қазір қайтпайтынын айтқан синоптиктер тек еліміздің солтүстігі, оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс өңірлерінің кей жерінде қар жауып, бұрқасындатып, тұман түседі деп отыр. Сондай-ақ, көктайғақ болып, жел күшейе түседі.

Ал Түркістан облысының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ, бұрқасындатып, желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қазір республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында күн -32 градусқа дейін суытты.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы біршама төмендейді.

Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарына, түнде Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жеріне тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с дейін күшейіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда облысының кей аумағында да тұман түседі, жел күші - 15-20 м/с болады.

Шымкентте күн алабұлтты, күндіз жаңбыр жаууы ықтимал, ал кешке жаңбыр соңы қарға ұласады. Күндіз және түнде температура 0-ден +3 градусқа дейін құбылуы мүмкін.

Алматыда күн бұлтты болып, таңертең және кешке қар жауады. Күндіз күн ашық. Ауа температурасы -3-тен +1 градусқа дейін, ал түнде -5-8 градусқа дейін суытады.

Ал Нұр-Сұлтанда күн жауын-шашынсыз, ашық болады. Кешке қарай күн бұлттануы мүмкін. Күндіз -16-20 градус суық, түнде -24 градус аяз болады.