12.12.2020, 14:24
Жаңалықтар
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Республикамыздың басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда қар жауады.
Сонымен қатар Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Ал Солтүстік Қазақстанда көктайғақ сақталады.
Сондай-ақ еліміздің батысында, орталық пен солтүстік аймақтарда тұман мен бұрқасын болуы мүмкін.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды