Көкбөрі ескерткіші Гиннес кітабына енгізілуі мүмкін

Түз тағысының мүсіні Қарағанды облысында орнатылған

Көкбөрі ескерткіші Гиннес кітабына енгізілуі мүмкін

Қарағанды облысында орнатылған Көкбөрі ескерткіші Гиннестің рекордтар кітабына енгізілуі мүмкін. Ұлытау ауданы басшыларының айтуынша, биіктігі 10 метрге жуық түз тағысының мүсіні әлемде жалғыз екен, деп хабарлайды КТК

Мүсінші Амантай Меңдіғалиев түркі мифологиясындағы киелі ұғымдардың бірі – Көкбөрі ескерткішін жасау идеясын 40 жылдан бері жадында ұстап келген. Ақыры эскизін жасап, рұқсат қағазын реттеген соң, яғни бір жыл бұрын мүсінді жасауға кірісіпті. Қаңқасы темірден өріліп, сырты шыны пластик материалдан құйылған. Шығынын өзі көтерген. Іргетасын тереңге жіберіп, мінберін жасаған да өзі. 

«Ел кіндігі – қасиетті Ұлытаудың сәніне айналар ескерткіштің шығынын өтейміз деген кәсіпкерлер бар», - дейді мүсінші. 

Ескерткіш аудан орталығынан Жезқазғанға баратын тасжолдың 35-ші шақырымында 1 желтоқсан күні орнатылған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.