АҚШ-та Pfizer вакцинасын сынауға қатысқан 6 адам қайтыс болды
Соған қарамастан, америкалық вакцина қауіпсіз деп танылды
Pfizer вакцинасын тексеруге тіркелген 43 448 қатысушының алтауы қайтыс болды (0,01%). Бұл туралы АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасы жөніндегі басқармасының есебінде айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Олар есепті кезең ішінде, 2020 жылғы 29 сәуір мен 14 қараша аралығында, сынақ уақытында қайтыс болған.
Марқұмның екеуі нақты вакцина алды, төртеуіне плацебо қойылды.
Вакцина алған екі адам 55 жастан асқан. Олардың біреуі екінші вакцинация қабылдаған соң, 62 күн өткенде жүрегі тоқтап, көз жұмды. Екіншісі алғашқы инъекциядан үш күн өткен соң атеросклероздан қайтыс болды.
Плацебо қабылдаушылар миокард инфарктісінен, геморрагиялық инсульттен немесе белгісіз себептерден қайтыс болды.
Төрт өлімнің үшеуі үлкен топта тіркелді (55 жастан асқан).
Еске салайық, FDA бұған дейін Pfizer және BioNTech вакциналарының тиімділігін растады. Құжаттарда вакцина қауіпсіз және оны шұғыл пайдалануға ешқандай кедергі жоқ деп жазылған.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан