Coca-Cola, PepsiCo және Nestle планетаны ластаушы компаниялар деп айыпталды
Болжам бойынша, 2030 жылға қарай зиянды пластик өндірісі 2 есе артады
Coca-Cola, PepsiCo және Nestlе компаниялары ғаламшарды пластикпен ластау бойынша әлемдік көшбасшыларға айналды. Бұл туралы Break free from plastic есебінде айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«15 мыңға жуық ерікті 55 елде тасталған пластикті тауып, талдады. Coca-Cola өнімдерінің қоқысы 55 елдің 51-інде табылды. PepsiCo пластикалық қалдықтары 55 елдің 43-інде болды. Ондыққа Unilever, Mondelez International, Mars, P&G, Colgate-Palmolive және Perfetti van Melle кірді»,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ, есепте зиянды пластик өндірісі 2030 жылға қарай екі есе және 2050 жылға қарай үш есе артуы мүмкін делінген. Корпорациялар пластикалық ластану мәселесін шешуге тырысады, бірақ оның орнына тонналап орамдарды шығаруды жалғастыруда.
Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан