ШұғылӨткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтанда үш ауысымды мектептер саны 2 есе азайды

Алдағы 5 жылда 50-ге жуық мемлекеттік мектеп салу жоспарланған

фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда үш ауысыммен оқытатын мектептер саны екі есеге қысқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Мектептер жүктемесін одан ары азайту үшін жыл сайын елордада кемінде 10 оқу орнын салу қажет. Бұл туралы ОКҚ брифингінде елорда әкімі Алтай Көлгінов хабарлады.

«Қалаға келіп жатқан халықтың өсімін ескере отырып, әлеуметтік нысандарға, оның ішінде оқу орындарына жүктеме артуда. Егер 2019 жылы 6 мектеп салынып, пайдалануға берілсе, биыл екі есе көп болады – бұл 12 мектеп. Олардың бір бөлігі пайдалануға берілді. Мектеп құрылысы кезінде шағын габариттен ірі габаритке көшеміз. Сондай-ақ, қазірдің өзінде алдағы жылдары енгізілетін мектептердің құрылысын жүргізіп жатырмыз. 2021 жылы кем дегенде 12 мектептің құрылысын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Егер қаланың өзінде оқу орындарының жүктелу проблемасы бар болса, осы жылы біз үш ауысымда оқытатын мектептер санын 8-ден 4-ке дейін, ал тығыздалған режимі бар мектептерді 22-ден 14-ке дейін қысқарттық», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 50-ге жуық мемлекеттік мектеп салу жоспарланған.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі оқу орындарының құрылысына жеке инвестициялар тартылатынын айтты.

«Бюджетке ғана үміт артудың қажеті жоқ, қала тұрғындары мен қалаға қажетті жобалар құрылысына жеке қаражатты белсенді түрде тартамыз», - деп атап өтті әкім.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан